Ақтөбе облысында жолда қалған 40-қа жуық адам құтқарылды

Зардап шеккендер жоқ
Sputnik
АСТАНА, 22 ақпан - Sputnik. Ақтөбе облысының жолдарында бір тәулікте 39 адам құтқарылды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Автобус тола жолаушы Әйтеке би ауданынан бірнеше шақырым жерде тұрып қалды. Себебі, ауа райына байланысты жол жбылып қалған.

"Барлығы Қарабұтақ ауылына жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ", - дейді ведомстводағылар.

Құтқарушылар азаматтарға ауа-райының қолайсыздығына байланысты алыс жолға сапарға шықпауды ескертті.
Ақтөбелік құтқарушылар жолда қалған 82 шетелдікті эвакуациялады