Ұлттық банк валюта айырбастау ережесін өзгертті

Бұған дейін қолма-қол шетел валютасын сатып алу және сату бағамдарының айырмашылығы доллар үшін 15 теңге, ал еуро үшін 20 теңге болған
Sputnik
АСТАНА, 21 ақпан– Sputnik. Ұлттық банк басқармасының кезекті отырысында валюталық реттеу мәселелері бойынша бірқатар нормативтік құқықтық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізіді. Валюта айырбастауға қатысты түзету де бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ұлттық банктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Банктердің валюталық операциялар бойынша есеп беру мерзімі қысқартылып, валюталық заңнама талаптарынан жалтару үшін жасалуы мүмкін және қаржы мониторингіне жататын операциялар тізімі кеңейтілді.
"Сонымен қатар, басқарма шешімімен ақша айырбастау пунктері арқылы жүргізілетін операциялар үшін қолма-қол шетел валютасын сатып алу және сату бағамдарының айырмашылығы шектелді", - делінген ресми хабарламада.
Сату бағамдарының айырмашылығы:
АҚШ долларына – 7 теңге;
еуроға – 10 теңге.
Айта кетері, бұған дейін қолма-қол шетел валютасын сатып алу және сату бағамдарының айырмашылығы доллар үшін 15 теңге, ал еуро үшін 20 теңге болған.
БЖЗҚ-дан валюта сатып алу жоспары жоқ - Ұлттық банк