Ресей бидайының биылғы алғашқы партиясы Қазақстанға жөнелтілді

Вагондар Новосібірден аттанды
Sputnik
АСТАНА, 21 ақпан - Sputnik. Ресейден бидайдың биылғы жылғы алғашқы партиясы Қазақстанға жөнелтілді. Бұл туралы Россельхознадзордың Сібір аймақаралық басқармасы хабарлады.
"14 ақпанда бидай партиясын Қазақстанға жөнелтуге дайындық жүргізілді. Бұл Новосибирск қаласында Сібір өңіраралық Россельхознадзор басқармасының мамандарының бақылауымен болды. Жалпы көлемі 980 тонна болатын және 14 теміржол вагонына тиелген бидай биылғы жылдың алғашқы партиясы. Себебі, былтырғы 21 тамыз бен 31 желтоқсан аралығында республика үшінші елдер мен ЕАЭО елдерінен бидай әкелуге тыйым салған болатын", - деп хабарлады басқармадағылар.
Өнімнің карантиндік фитосанитариялық жарамдылығын растау үшін Россельхознадзорға бағынысты аккредиттелген зертханада зерттеулер жүргізу үшін сынамалар алынды.
Астықта карантиндік зиянкестердің жоқ екені туралы алынған нәтижелер фитосанитариялық сертификаттарды ресімдеуге негіз болды, деп хабарлады Россельхознадзор.
Қазақстан астық экспортын ұлғайтады