АСТАНА, 21 ақпан - Sputnik. Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин Астанадағы Отан қорғаушы монументіне гүл шоғын қойды.
Бородавкин Отан қорғаушы монументіне гүл шоғын қойды
© Sputnik / Санат Имангалиев
"Бұл күні біз ұлы ерлік жасаған батырларымызды, Ресей мен Қазақстанның батырларын еске аламыз", - деп атап өтті елші.
Ол сондай-ақ Ресейде 2025 жыл Отан қорғаушы жылы деп жарияланғанын, алда екі ел үшін де ерекше күн – 9 мамыр мерекесі аталып өтетінін еске салды.
"Біз қазақстандық достарымызбен, одақтастарымызбен бірге екенімізге сенімдімін. Біз бұл екі датаны атап өтеміз. Бүгін Ресей елшілігі 23 ақпанға орай үлкен қабылдау өткізеді", - деді елші.