АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Шымкенттен Қытайдың Сиань қаласына тікелей әуе рейстері іске қосылады, деп хабарлады көлік министрлігі.
Рейстер 28 мамырдан бастап, аптаның сәрсенбі және сенбі күндері ұшады.
"Жаңа бағыттар ашылса елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастық дами түседі", - деп хабарлады ведомство.
Қазіргі уақытта Сианьға тікелей рейстер Алматы мен Астанадан ұшып жатыр, оны Қытай авиакомпаниялары жүзеге асыруда.