Сабақта сырт киіммен отырады: Ақтауда ата-аналар шағымданып жатыр

Ата-аналадардың айтуынша, мектеп кабинеттерінде ауа температурасы төмен
Sputnik
АСТАНА, 20 – Sputnik. Ақтау мектептерінің бірінде оқушылар сабақта куртка сырт киіммен отырады. Ата-аналар кабинеттердің суық екенін айтып шағымданып жатыр, деп хабарлайды Lada.kz.
Ата-аналадардың айтуынша, мектеп кабинеттерінде ауа температурасы төмен.
"Спорт залында температура - 8 градус, сыныптарда - 14 градус. Балалар сабақта сырт киіммен отырады. Мектеп әкімшілігі сабақ уақытын қысқартпады", - деді тоғызыншы сынып оқушысының анасы Екатерина.
Ол мектеп бөлмелеріндегі термометрді фотоға түсіріп алған.
"Мектепте жылу штаттық режимде беріп жатыр. Бірақ суық ауа райына байланысты жылу бұрыштағы бөлмелерге жетпей қалады. Мектеп әкімшілігі ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Жағдай уақытша. 1-5 сынып оқушыларының ата -аналары сабақты 30 минутқа дейін қысқартуға қарсы", - деп хабарлады қалалық білім бөлімі.
Ведомствода хабарлағандай, бастауыш сынып оқушылары отыратын кабинеттерде ауа температурасы 22-23 градус.
Қатты аяз: оқушылар әлі де қашықтан оқып жатыр