АСТАНА, 20 ақпан - Sputnik. Қазақстан астық экспортының көлемін ұлғайтады. Бұл туралы сенатта ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы айтты.
Былтыр шамамен 18 миллион тонна бидай жиналды. Ал барлық дәнді дақыл шамамен 25 миллион тонна болды.
"Біз экспорт көлемі шамамен 10-12 миллион тонна болады деп болжап отырмыз. Бұл өткен жылдарға қарағанда әлдеқайда көп. Сондықтан кез келген жағдайда дәстүрлі түрде астық жіберіліп жүрген елдерге экспорт көлемін арттырамыз. Сонымен қатар астық жаңа нарыққа да экспортталатды", - деді вице-министр.
Мысыр, Марокко және Иран қазақстандық астыққа қызығушылық танытты. Қазақстан өз тарапынан Азия мен Солтүстік Африкадан сатып алушыларды іздестіруде.