АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. 2025 жылы "Өріктау Оперейтинг" кәсіпорнына өндіру көлемін 92 мың тонна мұнай мен 58 млн м³ газға ұлғайту міндеті қойылды, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз" АҚ баспасөз қызметі.
Жалпы табиғи газдың мол қоры бар Орталық Өріктау кен орнын толық көлемде игеруге дайындық мәселелері қаралып жатыр. Кен орнын игеру жұмыстары қызған шақта жылына 1 млрд м³ газ өндіруге мүмкіндік береді.
"2025 жылдың үшінші тоқсанында кен орнының геологиялық-гидродинамикалық үлгісін одан әрі жаңарту және жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін аяқтау үшін екі газ ұңғымасына сынақ жүргізу жоспарланып отыр", - деп жазылған хабарламада.
Жиын қорытындысы бойынша А.Хасенов өндірудің жоспарлы көрсеткіштерін орындау, операциялық тиімділікті арттыру және шығынды азайту үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.
"Жыл сайын газ тұтыну көлемінің өсуіне байланысты ҚМГ газ ресурстарын ұлғайтуға басымдық береді. Ақтөбе облысы мен еліміздің басқа өңірлері үшін жоғары әлеуметтік маңызын ескере отырып, Өріктау кен орнының газ конденсатты бөлігін тездетіп пайдалануға беру – бұл бірінші кезектегі міндет", - дді "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов.
Жалпы, 2024 жылдың қорытындысы бойынша компания 84 мың тонна мұнай және 54 млн м³ ілеспе мұнай газын өндірді.