АСТАНА, 19 ақпан– Sputnik. Қайырмдылыққа жиналған қыруар қаржыны жымқырған Перизат Қайраттың анасына да айып тағылды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ғайни Алашбаева алаяқтыққа және қылмыстық жолмен келген қаржыны заңдастыруға атсалысқаны үшін айыпталып отыр.
“Иә, Перизат Қайраттың анасы - Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ ол алаяқтыққа және қылмыстық жолмен келген қаржыны заңдастыруға атсалысқаны үшін айыпталып отыр. Әзірше, біз оған қатысты бұлтартпау шарасын қабылдаған жоқпыз ”,-деді Елемесов мәжілісте өткен брифингте.
Ғайни Алашбаеваны тергеу изоляторына отырғызбады.
Ал Перизат Қайратты қамауда ұстау мерзімі бірнеше рет ұзартылды. Жақын арада тергеу шаралары аяқталады.