Оңтүстік Қазақстанда бройлер құс фабрикасы салынады

Жоба бойынша жұмыс 5 жылға есептелген
Sputnik
АСТАНА, 19 ақпан — Sputnik. Түркістан облысында компания ірі құс шаруашылығы жобасының құрылысына 52,9 млрд теңге инвестиция салады, деп хабарлайды "АПК Новости" порталы.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі компания қуаты жылына 48 мың тонна ет өндіретін тігінен интеграцияланған бройлер құс фабрикасын салатынын хабарлады.
Қазіргі таңда кәсіпорынның құрамында жылына 12 мың тонна дайын өнім шығаратын ет комбинаты, 2 мың басқа арналған бордақылау алаңы бар.
"Өндірістік қуатты кеңейту жобасы 5 жылға есептелген. 2026 жылы қуаты 16 мың тонна құс етін құрайтын бірінші кезең іске қосылса, екінші кезеңде өндірістік қуаты 32 мың тоннаға дейін ұлғайтылады, бұл көрсеткішке 2028 жылы қол жеткізу жоспарлануда. III кезеңде, яғни, 2030 жылға қарай – 48 мың тоннаға дейін ұлғайтылады", - деп жазылған хабарламада.
Жобаның жалпы құны 52,9 млрд теңгені құрайды.
Қазіргі уақытта жобаны жүзеге асырудың барлық аспектісін қамтитын бизнес-жоспар әзірленіп, қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін әлеуетті инвесторлармен және қаржы институттарымен келіссөздер жүргізілді.
Өндірілген өнім ішкі нарықта сатылып, экспортқа да жіберіледі.
Шетелге 900 теңгеден сатылып жатқан құс еті өзімізде неге қымбат