АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Финляндия премьер-министрі Петтери Орпо Украина бойынша келіссөздерге Еуропаның қатысуы керектігін айтты, деп хабарлады РИА Новости.
Бұған дейін Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко Украина бойынша алдағы ықтимал келіссөздерге Еуроодақтың қатысуы жоққа шығарылғанын мәлімдеген.
"Егер АҚШ пен Ресей кездесу туралы шешім қабылдаса, бұл олардың шешімі болады. Біз осы үстел басында отыру керекпіз. Басқалар біз үшін шешім қабылдай алмайды және біз келіссөздер үстеліне отыруға бар күш-жігерімізді салуымыз керек", - деп келтіреді Helsingin Sanomat басылымы Орпоның сөзін.
Сейсенбі күні Эр-Риядта жоғары деңгейдегі Ресей-АҚШ келіссөз өтті. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың айтуынша, көптен бергі алғашқы бетпе-бет келіссөз барысында тараптар Ресей Федерациясы мен Америка Құрама Штаттарының ынтымақтастығын толық қалпына келтіру және оны жаңа салалар бойынша кеңейту туралы келісті. Атап айтқанда, Мәскеу мен Вашингтон елшіліктер мен басқа да шетелдік мекемелердің жұмысына қойылған шектеулерді жоюға және Украинадағы дағдарысты тез арада шешу жұмыстарын бастау үшін жоғары деңгейдегі жұмыс топтарын құруға келісті. Министр келіссөздерден кейін АҚШ Мәскеудің ұстанымын жақсырақ түсіне бастағанына сенім білдірді.