Тоқаев Иорданияға ресми сапармен барды

Сапар аясында Король II Абдалламен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізіледі
Sputnik
АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барды, деп хабарлады Ақорда.
Әлия патшайым атындағы халықаралық әуежайда мемлекет басшысын ханзада Әли бен әл-Хусейн мен Иордания Премьер-министрі Жафар Хасан қарсы алды.
Сапар аясында Король II Абдалламен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізіліп, бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады.
Тоқаев Мажарстанның сыртқы істер министрін "Достық" орденімен марапаттады