Атыраудан Тбилисиге қатынайтын әуе рейсі іске қосылады

Тбилисиге орындалатын рейстер саны аптасына 15-ке дейін ұлғаяды
Sputnik
АСТАНА, 18 ақпан - Sputnik. Биыл 27 мамырдан бастап Атыраудан Тбилисиге тікелей рейстер іске қосылады, деп хабарлайды Air Astana.
Airbus ұшақтары аптасына үш рет – сейсенбі, жұма және жексенбі күндері ұшады.
"Ұшу ұзақтығы – 1 сағат 50 минут. KC125 рейсі Атыраудан жергілікті уақыт бойынша 08:00-де ұшып, Тбилисиге 09:50-де жетеді. Қайтар бағыттағы KC126 рейсі Тбилисиден 09:50-де ұшып, Атырауға 12:40-та қонады", - дейді компаниядағылар.
Эконом-кластың билет құны 113 375 теңгеден, бизнес-класта 308 081 теңгеден басталады. Бұл барлық алым мен салықты қоса есептегендегі екі бағыттағы билет құны.
Нәтижесінде Air Astana әуекомпаниясының жазғы кестесінде Тбилисиге орындалатын рейстер саны аптасына 15-ке дейін ұлғаяды.
"Қазақстанның үш қаласынан: Алматыдан – аптасына тоғыз рет, Астанадан – үш рет, сондай-ақ Атыраудан – үш рейс ұшатын болады. Қазақстан азаматтары Грузия аумағында визасыз бір жылға дейін бола алады" - дейді ведомстводағылар.
Айта кетейік, Air Astana қазіргі уақытта Шымкенттен Жидда мен Мәдинаға тұрақты рейстерді, Дохаға чартерлік рейстерді орындайды. Ал Атыраудан әуе кемелері Ыстамбұл, Дубай және Амстердамға ұшады.
Қазақстандық санавиация өткен жылы екі мыңнан астам шұғыл рейс жасаған