АСТАНА, 17 ақпан — Sputnik. Нұрымбет Сақтағанов Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
Бұған дейін ол әкімнің бірінші орынбасары қызметін атқарған. Сақтағанов 54 жаста, еңбек жолын Қызылорда мектебінде мұғалім болып бастады, кейін инспектор болды.
Шығыс Қазақстан облысының Жарма және Ұлан аудандарын басқарды. Семей қаласының әкімі де болған.
Еске салайық, Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Ермек Көшербаев премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.