АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Руслан Желдібай Қазақстан президентінің кеңесшісі – президенттің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі – президенттің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Ол бұған дейін Қазақстан президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болды.
Руслан Желдібай премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары, президент әкімшілігі басшысының орынбасары секілді лауазымды қызметтер атқарған.