Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Путин мен Трамптың алғашқы кездесуі ерекше маңызға ие болмақ – Песков

Sputnik
АСТАНА, 16 ақпан - Sputnik. Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамптың алғашқы ықтимал кездесуі қазіргі жағдайда ерекше маңызға ие. Бұл туралы Ресей басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтты, деп хабарлайды Риа Новости.
"Қазіргі жағдайда екі ел басшысының алғашқы ықтимал байланысы туралы айтып отырғанымызды ескере отырып, әрине, бұл кездесу ерекше маңызға ие болады", - деді Песков журналист Павел Зарубинге берген сұхбатында.