АСТАНА, 15 ақпан — Sputnik. Таразда белгісіз біреу телефон соғып, сауда орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлады.
Полиция, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және құтқарушылар қоңыраудан кейін келушілерді шұғыл эвакуациялап жатыр.
Дәл қазір арнайы жасақ пен кинологтар қоршауға алынған ғимаратта бомбаны іздеп жатыр.
Сотқа дейінгі тергеу басталды.