АСТАНА, 15 ақпан — Sputnik. Наурыз айындағы ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 15-25 ақпан аралығында өтеді.
ҰБТ-ға Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы тіркелу керек.
Тестілеудің өзі 1 наурыз бен 5 сәуір аралығында өтеді.
Бұл тестілеуге келесі тұлғалар қатыса алады:
орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары;
шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданғандар;
өткен жылғы мектеп және колледж түлектері (толық оқыту нысанына);
ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар;
шетелде білім алған бітіруші 11 (12) сынып оқушылары (Қазақстан Республикасының азаматтары).
Тестілеуге қатысу құны – 5 640 теңге.
Тестіленушілер ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеу өтетін пунктті, күнді және уақытты өз еркі бойынша таңдайды.