АСТАНА, 14 ақпан - Sputnik. Киевтің НАТО-ға қосылу мүмкіндігі Украинадағы қақтығыс себептерінің бірі болды, деді АҚШ президенті Дональд Трамп. Бұл туралы РИА Новости жазды.
"Ресейліктер Украинаның НАТО-ға кіруіне жол бере алмайтындарын президент Путинге дейін айтқан. Олар бұл туралы нақты айтты. Менің ойымша, бұл қазіргі қақтығыс басталуының бір себебі болды", - деді Трамп Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен баспасөз мәслихатында.
АҚШ президенті Владимир Путин билікке келгенге дейін де Ресей Украинаның НАТО-ға мүше болуын ешқашан қабылдамайтынын естігенін және Украина мұны түсінді деп ойлайтынын жеткізді.
"Сондықтан Украина күні кешеге дейін альянсқа мүшелік жөнінде сөз қозғаған жоқ", - деді.
Ол сондай-ақ қақтығысты реттеу бойынша келіссөздердің болашағы әлі белгісіз екенін айтты.
"Шын мәнінде келіссөздер әлі басталған жоқ. Қалай болатынын көрейік. Мүмкін Ресей жеңілдіктерге келісетін шығар, мүмкін келіспейді– бәрі оқиғалардың қалай өрбігеніне байланысты", - деді Трамп.