Тағы екі облыста жол жабылды

Жолдарды 14 ақпан күні сағат 17:00-да ашу жоспарланған
Sputnik
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Қазақстанның тағы екі облысында жол жабылды, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".
2025 жылдың 14 ақпанында сағат 06:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді:
Абай облысы:
"Өскемен-Семей" автожолының 103-198 шақырым аралығы (Семей қаласы-Шығыс Қазақстан облысының шекарасы);
Шығыс Қазақстан облысы:
"Өскемен-Семей" автожолының 10-103 шақырым аралығы (Герасимовка ауылы-Абай облысының шекарасы);
Жолдарды 14 ақпан күні сағат 17:00-да ашу жоспарланған
Астанада ауа райы күрт суытады: ТЖД көктайғаққа байланысты үндеу жасады