Қазақстанда бірнеше әуежай арнайы экономикалық аймақтарға қосылады

Sputnik
АЛМАТЫ, 14 ақпан – Sputnik. Астана, Ақтау, Шымкент және Қарағанды әуежайлары арнайы экономикалық аймақтарға қосылуы мүмкін.
Инновацияларды Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ұсынды. Осылайша үкімет өңірлердің экспорттық әлеуетін арттырмақ.
Елордалық Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы "Астана – Технополис" АЭА-ға қосылады.
Шымкент әуежайы "Оңтүстік" АЭА-ға қосылады,
"Сарыарқа" Қарағанды әуежайын аттас АЭА құрамына енгізу жоспарлануда,
Ақтау әуежайы "Ақтау теңіз порты" АЭА-ға қосылады.
Қазақстандағы АЭА инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін бірқатар артықшылық береді.
Олардың негізгілері:
Салық жеңілдіктері
Кедендік преференциялар
Инфрақұрылымдық қолдау
Жеңілдетілген әкімшілік рәсімдер.
"Ашық НҚА" порталында орналастырылған жоба 2025 жылғы 28 ақпанға дейін талқыланады.