Былтыр Павлодар облысының 1 400-ге жуық тұрғыны азаматтығын ауыстырды

Sputnik
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Павлодар облысында 2024 жылы 1 387 тұрғын Қазақстан азаматтығынан шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Олардың 1362-сі өз еркімен басқа елдің азаматтығын алғанын хабарлаған. Қалғаны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мысалы полицейлер 54 жастағы Қазақстан азаматының көрші елдің азаматтығын алғанын анықтады. Оның ісі сотта қаралды. Сот үкімімен Железин ауданының тұрғыны елден шығарылды. Сондай-ақ оған Қазақстанға бес жыл бойы кіруге тыйым салынды.
Павлодарда тура сондай тағы бір заң бұзушылық анықталды. Қала тұрғыны АҚШ азаматтығын алған. Бірақ тиісті органдарға хабарламаған. Қазақстанның төлқұжатын тапсырмаған. Сот шешімімен оған шамамен 800 мың теңгенің айыппұлы салынды.
Қазақстан заңнамасына сәйкес, бір уақытта екі немесе одан да көп мемлекеттің азаматтығын алуға болмайды.
Қос азаматтық үшін жаза күшейтіледі – министрлік