АЛМАТЫ, 14 ақпан – Sputnik. Ақмола облысында 39,3 мың га ауыл шаруашылығы жері тәркіленді, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Жер ресурстарын басқару департаменті ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған 39,3 мың га ауыл шаруашылығы жерін қайтару туралы сотқа шағым түсірген. Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жерді мәжбүрлеп қайтару туралы шешім қабылдады.
"Ерейментау ауданының Сілеті, Ақсуат және Қойтас ауылдық округтеріндегі, оның ішінде 4 747 га егістік пен 34 425 га жайылымдық жер мақсатты түрде пайдаланылмаған. Жер иесіне заңбұзушылықтарды жою үшін бір жыл уақыт берілгеніне қарамастан, ол қажетті шараларды қабылдамаған", - дейді ведомство.
Апелляциялық инстанция шешімді өзгеріссіз қалдырды. Енді бұл жерлер басқа пайдаланушыларға беріледі.