АСТАНА, 13 ақпан — Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің кеңесшісі Болат Ақшолақовты қызметінен босатып, бұл қызметке Мағзұм Мырзағалиевті тағайындады. Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігінде де тағайындаулар жүргізді, деп хабарлайды Ақорда.
Бүгін таңертең Қазақстан президенті Ақшолақовты қызметінен босату және бұрынғы энергетика министрі, "ҚазМұнайГаз" АҚ басқарма төрағасы және Kazenergy салалық қауымдастығының басшысы Мағзұм Мырзағалиевті осы лауазымға тағайындау туралы өкімдерге қол қойды.
Бұған дейін де Мырзағалиев ел президентінің кеңесшісі қызметін атқарған.
Сонымен қатар, бүгін Қазақстан президентінің өкімімен Рустам Ахатханұлы Баялиев Қазақстан Республикасы президенті Әкімшілігінің өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.