Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Путин мен Трамп Украинадағы жағдайды бейбіт жолмен шешуге болады деп санайды

Sputnik
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге болады деп санайды. Бұл туралы Ресей басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков хабарлады.
"Бұл жағдайды бейбіт келіссөздер арқылы шешуге қатысты келісім бар, ендігі кезекте бірлескен жұмыстың нәтижесін күту керек", - деді Песков.
Кеше екі ел президенті бір жарым сағатқа жуық телефон арқылы сөйлесті. Көшбасшылар Ресей мен АҚШ азаматтарын алмасуға, сондай-ақ Украинадағы жағдайды реттеу мәселелерін талқылады.
Путин мен Трамп жеке қарым-қатынасты жалғастыруға, соның ішінде жеке кездесу ұйымдастыруға келісті.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Украинаны қолдауды жалғастыру шартын атады