АСТАНА, 13 ақпан — Sputnik. Түркістан облысында Кентау тұрғыны бес жерден қарызға ет алып, 20 млн теңгеге сан соқтырып кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.
39 жастағы әйел екі жыл бұрын дүкеннен қарызға ет алып, оны бөліп төлеуге уәде берген. Алайда өзі біраз уақыт өтсе де, қарызды қайтармай жасырынып келген. Бұдан басқа күдіктінің осындай бес іске қатысы бар болып шықты.
Жұмыссыз келіншек басқа да сатушылардан етті қарызға алып, ақысын бермей келген. Ал тауарды базарда төмен бағаға сатып, түскен ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған.
Алаяқтың жәбірленушілерге келтірген шығыны 20 млн теңгені құрады. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты іс сотқа жіберілді.