Еуропа кедені ЕАЭО елдері үшін "бірыңғай терезе" ашуы мүмкін

Осы жөнінде БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясымен келіссөздер жүргізілуде
Sputnik
АСТАНА, 13 ақпан - Sputnik. ЕЭК кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдов БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы Татьяна Молчанмен кездесті. Кездесуде Еуропа кеденінің ЕАЭО-ға қатысушы елдер үшін "бірыңғай терезе" ашуы мүмкін екені талқыланды, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссиясының баспасөз қызметі,
"Тараптар көлік дәліздерін дамыту, кедендік транзит және өткізу пункттерін жайластыру жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтің тиімділігін арттыруға, СЭҚ қатысушыларының шығындарын оңтайландыруға мүмкіндік беретін құрал ретінде "бірыңғай терезе" тетігін енгізудің маңыздылығы айтылды", - делінген Еуразиялық экономикалық комиссияның хабарламасында.
Кездесу қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия мен БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының, оның ішінде 2013 жылдан бастап қолданыстағы өзара іс-қимыл туралы меморандум шеңберінде ынтымақтастықты тереңдету туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.
ЕАЭО түрлі-түсті металлургия саласындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын белгіледі