Азиада-2025: Қазақстандық биатлоншылар күміс медаль алды

Қазақстан қоржынына Азия ойындарынан тағы бір медаль түсті
Sputnik
АСТАНА, 13 ақпан — Sputnik. Биатлоннан Қазақстанның ерлер құрамасы 2025 жылы Харбиндегі Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады.
Биатлоншылар эстафеталық жарыста екінші болып үздік нәтижені көрсетті. Медальді елімізге Александр Мухин, Әсет Дүйсенов, Кирилл Бауэр және Владислав Киреев әкелді.
Бірінші орынды Жапония құрамасы жеңіп алса, үшінші орын Қытайға бұйырды.
Айта кетейік, Қазақстан биатлоншылары Азия ойындарын төрт медальмен аяқтады. Владислав Киреев спринтте бірінші орын алды. Бұл санатта Вадим Куралес күміс медаль еншіледі. Әйелдер құрамасы эстафетада үшінші орын алса, ерлер құрамасы екінші болды.
Азиада - 2025: Қазақстан қоржынында тағы бір қола жүлде