Жеңістің 80 жылдығы

Ақтауда әскери оркестр Жеңістің 80 жылдығына орай автобуста концерт қойды

Sputnik
АЛМАТЫ, 13 ақпан – Sputnik. Ақтауда әскери оркестр Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай автобуста концерт қойды, деп хабарлады Lada.kz.
Музыканттар кенеттен халықтың сүйікті патриоттық әндерін, соның ішінде "Смуглянка" мен "Катюша" әндерін орындай бастаған. Жолаушылар үшін күтпеген көңілді шара болды. Бірге ән салып, видеоға түсірумен болды.
"Белгілі болғандай, Қазақстан Ұлттық ұланының әскери оркестрі қала тұрғындарын жарқын өнерімен қуантты. Іс-шара "Жеңіске дейін 100 күн" патриоттық акциясы аясында өткізілді. Концерттер автобустарда және басқа да қоғамдық орындарда өтті", - делінген хабарламада.
Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар жалғасады деп уәде берді. "Жеңіске дейін 100 күн" акциясы аясында тағы бірнеше патриоттық акциялар өткізу жоспарланған.