Жамбыл облысында полицей қызметте жүріп көз жұмды

Ол ішкі істер органдарында 2017 жылдан бері қызмет атқарған
Sputnik
АЛМАТЫ, 12 ақпан – Sputnik. Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкері міндетін атқару кезінде көз жұмды, деп хабарлады ведомство.
Қайғылы оқиға 11 ақпан сағат 19:40-та "Алматы-Ташкент" автожолында болған.
"Volkswagen Passat" маркалы автокөліктің жүргізушісі жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кеткен. Ол осы аумақта жол қауіпсіздігін күзетіп жүрген патрульдік автокөлікпен соқтығысқан", - дейді полиция.
Полиция көлігінде екі қызметкер отырған. Олар әртүрлі дене жарақатымен Қордай аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.
"Жамбыл облысы ПД патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Абай Үшкемпір 12 ақпанда аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. Ол ішкі істер органдарында 2017 жылдан бері қызмет атқарған. Қызмет еткен жылдары ішінде 9 мәрте марапатталған", - дейді облыстық полиция департаменті.