Шетелдік компаниялар 3 жылда бюджетке 75 млрд теңге төледі

Sputnik
АСТАНА, 11 ақпан – Sputnik. 3 жылда шетелдік компаниялар Қазақстан бюджетіне 75 млрд теңге төледі, деп хабарлады Қаржы министрлігі.
Қазір Қазақстанда 101 шетелдік компания тіркелген, оның ішінде Huawei, Aliexpress, Google, Apple, Netflix және басқа да халықаралық құрылымдар бар.
"3 жылдың ішінде бұл компаниялар 75 млрд теңгеге салық төледі. Былтырғы сома - 35 млрд теңге", - деп жазылған хабарламада.
2024 жылдың соңында Temu, Pinduoduo және Alibaba компаниялар тобы шартты тіркеуден өтті.
Естеріңізге сала кетейік, салықтың мұндай түрі ҚР жеке тұлғаларына электронды сауда арқылы тауар ұсынатын және электронды түрде қызмет көрсететін шетелдік компанияларға қолданылады.