АСТАНА, 11 ақпан– Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары-ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин сараланған құн салығын енгізгеннен кейін қандай тауарлар бәсекеге қабілетті болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде қосылған құн салығының базалық мөлшерлемесін 16 процент деңгейінде бекіту ұсынылып отыр. Ал ауыл шаруашылығы өнім өндірушілері құн салығынан босатылады.
"Қазіргі кезде шаруа қожалықтары қосарланған құн салығын төлемейді. Бұл жеңілдік сақталады. Ал ауыл шаруашылығы тауарларын шығаратын заңды тұлғалар 30 проценттік құн салығын төлеп жүр. Бұдан былай олар да төлемейді",-деді Жұманғарин үкіметтің бүгінгі отырысында.
Вице-премьердің айтуынша, осы жеңілдіктің арқасында отандық тауарлар бәсекеге қабілетті болады.
"Осылайша, Қазақстанда өндірілген картоп, пияз, сәбіз, қияр, қырыққабат және тағы басқа тауарлар бұдан да бәсекеге қабілетті болады",-деп атап көрсетті вице-премьер.