Қазақстан мен Өзбекстан инвестициялық және сауда серіктестігін нығайтады

Sputnik
АЛМАТЫ, 11 ақпан – Sputnik. Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстан инвестициялық және сауда серіктестігін нығайту туралы келіссөз жүргізді, деп хабарлады "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы.
Қазақстан мен Өзбекстан инвестициялық және сауда серіктестігін нығайтады
Мақсат – екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты, өнеркәсіптік кооперацияны, логистиканы кеңейту, сондай-ақ сауда рәсімдерін жеңілдету және екі елдің нарығына өнімді жеткізу көлемін ұлғайту үшін жағдай жасау.
Қазақстан мен Өзбекстан инвестициялық және сауда серіктестігін нығайтады
Инвестиция тарту, оның ішінде инвестициялық ахуалды жақсарту және кәсіпкерлік қызмет үшін қолайлы жағдай жасау мәселелері талқыланды. Өнеркәсіп және сауда саласындағы бірлескен жобаларды әзірлеу, сондай-ақ инвестициялық ынтымақтастық саласындағы өзара іс-қимылды күшейту шаралары да айтылды.