Азия ойындарында Қазақстан қоржынына үшінші алтын медаль түсті

Владислав Киреев - Харбиндегі Азия ойындарының жеңімпазы
Sputnik
АСТАНА, 11 ақпан– Sputnik. Қазақстандық биатлоншы Владислав Киреев IX қысқы Азия ойындарында 10 шақырым спринтте чемпион атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
Бұл Қазақстан делегациясының қоржынында түскен 3-алтын медаль.
Ол жарыс жолын 29 минут, 47.4 секундта жүріп өтті. Тағы бір отандасымыз Вадим Куралес күміс жүлдеге ие болды.
Қазақстандық биатлоншы Вадим Куралес
Еске сала кетейік, Харбинде өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарындағы алғашқы алтын медальді шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы жеңіп алған болатын. Бүгін фристайл-акробатикадан ел құрамасы екінші алтын медальді қоржынға салды.
Сондай-ақ фристайл-акробатикадан, шорт-тректен Қазақстан құрамалары, конькимен жүгіруші Евгений Кошкин, шаңғышы Константин Борцов, шорт тректен әйелдер құрамасы, фристайл-акробатикадан аралас сайыстан Аяна Жолдас, Шерзод Хаширбаев, Асылхан Асан күміс жүлдегер атанды.
Ал фристайл-акробатикадан Аяна Жолдас, конькимен жүгіру жарысынан әйелдер құрамасы, фристайл-акробатикадан Ардана Маханова мен Аяна Жолдас үшінші орын алды.