Қазақстан кёрлингшілері Тайбэй құрамасын ойсырата жеңді

Әйелдер құрамасы осыған дейін Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Жапонияға жол берген болатын
Sputnik
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Кёрлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы Харбиндегі қысқы Азия ойындарында Қытайдың Тайпейін 14-0 есебімен жеңді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
Қазақстан кёрлингшілері
Команда сапында Тылсымай Аллиярова, Мерей Тастемір, Ангелина Эбауер, Екатерина Колыхалова, Регина Эбауер өнер көрсетті.
1 / 4

Қазақстан кёрлингшілері

2 / 4

Қазақстан кёрлингшілері

3 / 4

Қазақстан кёрлингшілері

4 / 4

Қазақстан кёрлингшілері

Айта кетері, әйелдер құрамасы осыған дейін Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Жапонияға жол берген.
Енді бүгін Астана уақытымен 16:00-де еліміздің әйелдер құрамасы мен жарыс қожайыны Қытай 7-сессияда кездеседі. Ал ертең Филиппин және Қатар құрамасы қарсылас болады.
Қатар өткен матчта Қытай Қатардан, ал Жапония Филиппиннен басым түсті.