Кәрім Мәсімовтің үйі аукционға шығарылады

Sputnik
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы Кәрім Мәсімовтың Астанадағы үйі сатылымға шығарылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Кәрім Мәсімовтің үйі
Қайтарылған активтерді басқару компаниясы таратқан мәліметке сәйкес, аукцион 25 ақпан күні сағат 10:00-де басталады. Зәулім коттедждің бастапқы бағасы – 1 883 338 958 теңге.
1 / 3

Кәрім Мәсімовтің үйі

2 / 3

Кәрім Мәсімовтің үйі

3 / 3

Кәрім Мәсімовтің үйі

Аукцион ағылшын әдісімен, яғни, бағаны көтеру жолымен өткізіледі.
Электронды сауда алаңында коттеджің фотолары да жарияланды. Сол жердегі ақпарат бойынша екі қабатты үйдің жалпы ауданы – 2 877,7 шаршы метр. Ал жер учаскесі 1,2188 гектарды құрайды. Коттедж барлық жиһазымен және тұрмыстық техникамен бірге сатылады. Аукционға қатысуға өтініш 25 ақпан таңғы сағат 8:00-ге дейін қабылданады.
Айта кетері, ҰҚК экс-басшысы мемлекетке опасыздық жасағаны үшін 18 жылға сотталған болатын.