Қазақстандық спортшы парабиатлоннан әлем чемпионы атанды

Sputnik
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Словакияда өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Ербол Хамитов парабиатлоннан алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ербол Хамитов жекелей сында 12,5 шақырымды 35:29.01 уақытымен аяқтап, әлем чемпионы атанды. Екінші орында - канадалық Дерек Заплатонский (35:36:3), ал американдық Аарон Пайк (35:37:8) үшінші орынды қанағат тұтты.
Бұған дейін қазақстандық спортшы 7.5 км спринттік жарыста қола медальді (20:55) жеңіп алған болатын.
Айта кетейік, әлем чемпионаты Словакияның Поклюка қаласында өтіп жатыр.
Тоқаев Паралимпиада жүлдегерлері мен бапкерлерін марапаттады