Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Орбан Украинаны қолдағаны үшін Еуроодақты сынады

Венгрия премьер-министрі Брюссельдің шешімдеріне қатаң түрде қарсы шықты
Sputnik
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Еуропалық Одақтың Украинаға қолдау көрсету саясатын қатаң сынады, деп хабарлады РИА Новости.
"Біз ақшамызды Украинаға, үмітсіз соғысқа құйып жатырмыз, ал Еуропа заңсыз иммигранттарға толып жатыр. Брюссель заңсыз иммигранттарға есігін айқара ашты", - деді ол сенбі күні Мадридтегі саяси жиында.
Ұлтшылдық ұрандар мен Еуроодақтың көші-қон саясатын сынауға толы сөзінде Венгрия премьер-министрі Брюссельдің шешімдеріне қатаң түрде қарсы шықты.
"Брюссельдің кесірінен еуропалық экономика құлдырап жатыр", - деді ол.
Орбан ескі "дәуір аяқталды", енді әсіре оңшыл партиялар болашақтың саяси күшіне айналып жатқанын айтты.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Орбан Еуропа мен АҚШ Украинаға қанша қаражат жұмсағанын айтты