АСТАНА, 9 ақпан — Sputnik. Чили президенті өршіп тұрған орман өртіне байланысты елдің орталық және оңтүстік бөлігінде коменданттық сағат енгізді, деп хабарлайды 24KZ.
"Жергілікті биліктің мәліметінше, қазір 15-ке жуық белсенді өрт ошағы бар. Өрт құрғақшылық пен қалыптан тыс аптап ыстықтан тез таралуда – елдегі ауа температурасы 40 градустан асады", - деп жазылған хабарламада.
Полицейлердің алдын ала болжамы бойынша, өртке өрт қою себеп болуы мүмкін. Жыл басынан бері бір ғана ауданда бұған күдікті 60 адам ұсталды, деп хабарлайды.