Қысқы Азия ойындары: қазақстандық спортшылар ел қоржынына алғашқы екі жүлдені салды

Sputnik
АCТАНА, 8 қаңтар - Sputnik. Қытайда Харбинде өтіп жатқан X қысқы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар екі күміс медаль жеңіп алды.
Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, IX қысқы Азия ойындарында шорт-тректен Қазақстан құрамасы 2000 метрге аралас эстафетада ақтық сайыста күміс алқа иеленді. Команда сапында Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Яна Хан, Малика Ермек өнер көрсетті. Ал 500 метрде шорт-трекшілеріміз жартылай финалға шықты
Қазақстан қоржынына тағы бір күміс медальді Евгений Кошкин салды. Конькимен жүгіруден ерлер арасында 100 метрде бақ сынаған ол екінші орын алды.
IX қысқы Азия ойындарында Евгений Кошкин күміс медаль алды
Тағы бір отандасымыз Алтай Жәрдембекұлы 4-ші орыннан көрінсе, Артур Ғалиев 12-ші орын, Никита Важенин 15-ші орынға тұрақтады.
Бұдан бөлек қазақстандық шаңғышылар ширек финалға жолдама алды.
Қытайдағы ІХ қысқы ойындар: Азиадаға қанша қазақстандық спортшы қатысып жатыр