3600 адам эвакуацияланды: Астанада ауқымды оқу-жаттығу өтті

Sputnik
АСТАНА, 8 қаңтар - Sputnik. "Қазақстан темір жолы" АҚ әкімшілік ғимаратында қауіпсіздік іс-шараларына дайындықты тексеру мақсатында үш жылда бір рет өткізілетін ауқымды өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті.
ҚТЖ ғимаратында ауқымды оқу-жаттығу өтті
Оқу-жаттығу барысында ғимараттан 3600 қызметкер жедел түрде эвакуацияланды. Шартты өртті сөндіруге 14 бірлік мамандандырылған техника, оның ішінде 10 негізгі және 4 қосалқы техника, сондай-ақ Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы қатысты.
ҚТЖ ғимаратында ауқымды оқу-жаттығу өтті
Оқу-жаттығу барысында ғимараттың сыртында орнатылған көтергіштердің көмегімен адамдарды жоғарғы қабаттардан эвакуациялау әдістері пысықталды.
ҚТЖ ғимаратында ауқымды оқу-жаттығу өтті
Сонымен қатар, ғимараттың барлық қауіпсіздік жүйелері тексерілді. Атап айтқанда, хабарлау, анықтау және дабыл беру, автоматты өрт сөндіру, түтін шығару және эвакуациялау жүйелері өз жұмысын сәтті көрсетті, деп хабарлайды ҚТЖ.
ҚТЖ ғимаратында ауқымды оқу-жаттығу өтті