АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Мюнхен қауіпсіздік конференциясында украин делегациясы қақтығысты тоқтату туралы өз көзқарасын ұсынады, Киев Вашингтон Украинаға қатысты жоспарларды әзірлемес бұрын АҚШ-пен кеңесуді қалайды, деді Владимир Зеленский кеңсесінің басшысы Андрей Ермак. Бұл туралы РИА Новости жазды.
Мюнхен қауіпсіздік конференциясы 14-16 ақпанда өтеді.
"Украина делегациясы соғысты тоқтату туралы өз ұстанымын және "ұзақ бейбітшілікке" қалай қол жеткізуге болатыны туралы көзқарасын ұсынады", - деп жазылған Ермактан сұхбат алған Ассошиэйтед Пресс агенттігінің хабарламасында.
Шенеунік сондай-ақ АҚШ-тың Украинадағы арнайы өкілі Кит Келлогтың Мюнхендегі конференциядан кейін ақпан айының соңында Киевке баратынын айтты.
"Менің ойымша, АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі қандай да бір жоспар жасамас бұрын осы кеңестерді өткізу маңызды", - деді Ермак.