Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей елшісі Украинадағы Аргентинаның жалдамалы сарбаздары туралы айтты

Sputnik
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Ресейдің Аргентинадағы елшісі Дмитрий Феоктисов Украинада жүрген аргентиналық жалдамалы сарбаздар туралы айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
Бұған дейін Ресейдің қорғаныс министрлігі Киевтің шетелдік жалдамалы әскерді қолданатынын бірнеше рет мәлімдеген болатын. Олардың арасында аргентиналық азаматтар да бар.
"Жалпы, украиналық қарулы құрылымдары арқылы өткен жалдамалы сарбаздар аз емес. Олардың ішінде Латын Америка азаматтары да бар. Бірақ Аргентинадан бірлі-жарым жағдай болмаса, көп емес емес. Бұның бәрін Ресейдің құзіретті органдары мұқият қадағалап отырады", - деді Феоктисов РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында.
Ал Ресейдің сырты істер министрі Сергей Лавровтың айтуынша, Батыстың кейбір елдері Украинаға кадрлық әскерилерін жіберіп отырады. Бірақ олар жалдамалы сарбаз болып соғысады.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Финляндияның қорғаныс компаниясы Украина үшін жаңа камикадзе дронын жасап шығарды