АСТАНА, 6 ақпан — Sputnik. Қостанай облысында жайылымға арналған жер учаскесінде заңсыз алтын өндірісі анықталды. Мұндай әрекетке барғандар 2,6 млн теңге көлемінде айыппұл төлейді.
Тексеріс барысында серіктестік жерді о баста ауыл шаруашылығы мақсатында алғаны белгілі болды. Алайда іс жүзінде бағалы металл өндіру үшін пайдаланып келген. Аумақты тексеру барысында заңсыз өндіріске арналған арнайы техника, металл іздегіштер және басқа да құралдар табылған.
"Сонымен қатар топырақтың құнарлы қабатының бұзылуы тіркелді. Жер ресурстарын басқару департаменті серіктестікке 2,6 млн теңге көлемінде айыппұл салды", - деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
Сондай-ақ ЖШС заңсыз әрекет салдарынан бұзылған құнарлы топырақ қабатын қалпына келтіруге міндетті.