Астанада пәтерге терезеден кірген ұры ұсталды

Ұрлық жасаған кезде үй иелері қонақта болғаны анықталды
Sputnik
АСТАНА, 7 қаңтар – Sputnik. Астанада полицейлер терезе арқылы жасалған ұрлықтың бетін ашты, деп хабарлайды Polisia.kz.
Байқоңыр аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында пәтерден мүлікті ұрлаған 37 жастағы ер адамның жеке басын анықтады.
Белгілі болғандай, ол тұрғын үй кешеніне кіріп, баспанада тұрғындардың бар-жоғын тексеру үшін есіктерді қаққан. Бірінші қабаттағы пәтерлердің бірінде ешкімнің жоқтығына көз жеткізген ер адам көшеден терезені сындырып, ішке кіреді. Үйден ұялы телефон, ақша, ноутбук, қара сөмке және банк карталарын ұрлап кеткен. Сосын сыртқы есіктен шығып, ізін суытқан. Жалпы шығын көлемі 1 миллион теңгеге жуықтады.
Ұрлық жасаған кезде үй иелері қонақта болғаны анықталды.
Тәртіп сақшылары заттай айғақты алып, заңды иесіне қайтарды.
Қазір бұл оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр, ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазақстанда қылмыс жиі жасалатын қалалардың тізімі жарияланды