АСТАНА, 6 ақпан — Sputnik. Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы 5 сәуір күні Астанада жұдырықтасады. Бұл туралы боксшының менеджері Берік Сұлтан әлеуметтік желідегі парақшасында ресми мәлімдеді.
Жәнібектің қарсыласы – рейтингте 7-орында тұрған франциялық Анауэль Нгамиссенг. Ол 14 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Астанадағы жекпе-жекте қазақстандық WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атақтарын қорғайды.
Айта кетері, Жәнібек Әлімханұлы үшін бұл 2017 жылдан кейінгі өз еліндегі алғашқы жекпе-жегі болмақ. Ол кәсіпқой бокстағы алғашқы екі жекпе-жегін Алматы мен Астанада өткізген болатын.