Трамп әйелдер арасындағы жарыстарға трансгендерлердің қатысуына тыйым салды

Трамп мұны Халықаралық Олимпиада комитетінен де талап етпекші
Sputnik
АСТАНА, 6 ақпан - Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп трансгендерлерге әйелдер арасындағы жарыстарға қатысуға тыйым салды, деп хабарлайды РИА новости.
Оның айтуынша, "қызға айналған еркектер" әйелдер арасындағы 11 мыңнан астам жарысқа қатысып, 3,5 мың рет жеңіске жетіпті.
Сондай-ақ Трамп Халықаралық Олимпиада комитетінен де трансгендерлердің Олимпиада ойындарына қатысуына толыққанды тыйым салуды талап етеді, деп мәлімдеді америкалық сенатор Томми Тубервилл.
Трамптың жарлығын Халықаралық бокс ассоциациясы қолдаған.
"IBA әйелдер жарысына трансгендер спортшылардың қатысуына тыйым салатын АҚШ Конгресі қабылдаған жарлықты қолдайды. Бұл заң біздің гендерлік теңдікті ынталандыру және спортшы әйелдердің денсаулығы мен әл-ауқатын қорғау мүддемізге толық сәйкес келеді", - делінген қауымдастық басшысы Умар Кремлев қол қойған хатта.
Сондай-ақ ол Халықаралық Олимпиада комитетінің жаңа президенті сайланған соң трансгендерлердің халықаралық турнирлерге қатысу ережелері қайта қаралатынына үмітті.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украиндардың 50%-ға жуығы Трамп тұсында бейбітшілік орнайды деп сенеді