АСТАНА, 6 ақпан — Sputnik. Отандық инвестор Алматы облысындағы жаңа ет комбинатының құрылысына 2,5 млрд теңге салады. Нысан жақын арада пайдалануға беріледі, деп хабарлайды "АПК Новости" порталы.
Кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, ет комбинаты өңірдегі ең ірі нысандардың бірі болады. Өнім оңтүстік астанадағы тұтынушыларға бағытталады.
Зауыт ірі қара, ұсақ мал, жылқы еттерін өңдейтін болады. Өңдеу қуаты жылына 3 мың тонна ет, 300 тоннадан астам шұжық және 66 тонна консервіні құрайды.
Қазіргі уақытта нысанда іске қосу-реттеу жұмыстары аяқталуда.
Кәсіпорын тек ішкі нарықта ғана емес, өз өнімдерін экспортқа шығаруды көздеп отыр.