АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Түркия Украинадағы жағдайды реттеу бойынша бастамалар жақын арада көтеріліп, маусым айына дейін нақтыланады деп күтеді. Бұл туралы елдің сыртқы істер министрі Хакан Фидан айтты.
"Біз бұл мәселе бойынша АҚШ президенті (Дональд) Трамптың бірқатар бастамасын естіп жатырмыз. Бірақ Ресей мен АҚШ басшыларының кездесуіне дейін сахна сыртындағы жұмыстар мен оған дайындық қажет. Дайындықсыз лидерлер кездесуінің мәні болмайды", - деді Фидан мемлекеттік Anadolu агенттігінің редакторларының сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, Анкара қақтығысты бейбіт реттеу бойынша бастамалар көктемге қарайбасталады деп күтіп отыр.
"Ал маусым айына дейін нақты бастамаларды көреміздеп ойлаймын", - деді Фидан.