АСТАНА, 5 қаңтар - Sputnik. Биыл көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына 126 млрд теңгеге жеңілдетілген кредиттер берілді, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
Несиеге өтінім бергендерді ерте қаржыландыру туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басшылығымен кездесуінде айтылды.
"Бұған 700 млрд теңгеге дейін қаражат бөлу жоспарлануда, оның 560 млрд теңгесі нарықтық капитал көздерінен тартылатын болады", - деп жазды ведомствоның баспасөз қызметі.
Былтыр қарашадан бастап "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ "Кең дала 2" бағдарламасы бойынша жылдық 5% жеңілдікпен несиелендіру бастады.
"1364 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіден шамамен 205,1 млрд теңге сомаға өтінімдер қаралды. Оның ішінде 1253 ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушіден 195,5 млрд теңгеге өтінімдер жұмысқа қабылданды. Оларға 125,6 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие берілді", - дейді министрліктегілер.